Елордалықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрайды

Жыл басынан бері елордада бала туу көрсеткіші 4%-ға өсіп, 1000 адамға шаққанда 29,78 құрады. Астана қаласының перинаталдық орталықтарында тәулігіне орташа есеппен 67-69 бала дүниеге келеді.
Ана мен бала өлімін азайту бойынша оң қарқын байқалады. Демографиялық жағдайды жақсарту, ана мен сәби өлімін азайту үшін Астана қаласының педиатрия қызметінің тұжырымдамасы әзірленді. Неонтология мен педиатриядағы жаңа бағыттарды дамытуға, мамандарды тәлімгерлік пен шеберлік сыныптары аясында үздіксіз оқытуға, стационарлар мен емханалар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Медициналық қызметң деңгейін жетілдіру үшін диагноз қою мен емдеудің инновациялық технологиялары енгізілуде. Қазіргі кезде елордада жедел миокард инфарктіне қарсы күрес, инсульт орталығы, гемодиализ, травматология және ортопедия орталығы, балаларға, жас босанған аналарға ортодонтикалық көмек көрсету орталығы, кардиоорталық жұмыс істейді.
Қалалық онкологиялық орталық қатерлі жаңа түзілімдерді сәулемен емдеуге арналған желілік жеделдеткішпен жабдықталған. Бұл балалар мен ересектерде түрлі көлемдегі ісіктерді мейлінше дәл және дәл сәулелендіруге, ісікті барынша үлкен дозамен сәулелендіріп, сау ағза мен тіндерге мүмкіндігінше аз зиян келтіріп, алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл әлемдегі қатерлі ісікті емдеуге арналған ең заманауи аппарат болып табылады.
Жұмысты дұрыс ұйымдастыруда науқастарды ауруханаға жатқызу, есепке алу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша автоматтандырылған электронды жүйелер тиімді жұмыс істейді. Жыл сайын қаланың денсаулық сақтау клиникаларында 88 мыңнан астам адам емделеді, олардың 24 мыңнан астамы балалар.
Халықтың өмір сүру жасын ұзарту ең алдымен халықтың өлім-жітімін азайтумен байланысты. Бұл, өз кезегінде, жүрек-қан тамырлары жүйесі, онкологиялық аурулар, туберкулез сияқты т.б. ауруларды ерте анықтауға бағытталған скринингтік бағдарламалар мен іс-шараларды, науқастарды диспансерлерге жатқызуды, емдеу-алдын алу шараларын уақытылы өткізудің арқасында мүмкін болып отыр.