Елорданың кез келген емханасында арнайы скринингтік кабинеттер ашылған

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Скринингтік тексеру жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік пен туабітті ауруларды ерте кезеңінде анықтаудың негізгі мүмкіндіктерінің бірі болып табылады, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Ведомствоның ақпараты бойынша, қаланың кез келген емханасында алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі құрамында арнайы скринингтік кабинеттер ашылған.

Еске салайық, кейінгі 5 жыл көлемінде 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында елорданың емханаларында скринингтік тексерулер жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты ауруды ерте кезеңінде анықтап, алдын ала емдеу болып табылады.

«Жылдан-жылға жетілдіріліп келе жатқан скринингтік бағдарлама енгізудің тиімділігіне көз жеткізе отырып, қаланың медицина қызметкерлері осы аталған тексеруден өтуде тұрғындардың барынша жауапкершілік танытып, белсендірек болуларын сұрайды. Скринингтен өту тегін. Тек тұрғылықты жердегі емханаға келіп, қаралу туралы ұсыныс жасалады», - делінген таратылған хабарламада.

Сонымен қатар, жыл сайын медицина мекемелері кең ауқымды «Денсаулық жолы» ашық есік күні акциясын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар