Елорданың құрметті педагогі медалінің иегеріне қомақты қаржы беріледі
«Мемлекет басшылығы мұғалімдердің жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артты. Былтыр біз өз тарапымыздан тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік жәрдемақы түрінде 1 млн теңге сомасына өтеусіз негізде 275 тұрғын үй сертификатын бөлдік. Осы жылы да мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесеміз», - деді ол.
Елорда әкімі биыл «Қазақстандық ипотекалық ұйыммен» бірлесіп 1 мың әлеуметтік пәтер салу туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті.
«Бұл баспанаға мұғалімдерден басқа медицина қызметкерлері, полицейлер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері де үміткер бола алады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, былтыр жұмысын енді бастаған мұғалімдерді қолдау үшін 350 орындық жас педагогтер үйі салынды. Мұнан бөлек, қала әкімдігі мұғалімдердің кәсіби дамуына назар аударады. Мәселен, «Ozat» жобасын іске асыру аясында мектептер мен колледждердің 400 мұғалімі РІЅА тапсырмаларына білім алушыларды даярлау бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтті. Кембридж университетімен бірлесіп SHARE жобасы іске қосылды.