Елорданың Республика даңғылы бойында екі әйелді қағып кеткен көліктің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Таяуда елорданың Республика даңғылы бойында екі әйелді қағып кеткен көліктің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзған.
None
None

Бұл туралы бүгін Астана қалалық ІІД-інде өткен апталық брифингте аталған ведомствоның мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, желтоқсанның 28-і күні таңғы сағат 7:30-да «Тойота Лэнд Крузер» көлігінің 45 жастағы жүргізушісі Ақмола облысы Ақкөл ауылының тұрғындары 54 және 56 жастағы екі әйелді қағып кеткен. Ауыр жарақат салдарынан екі әйел де оқиға орнында көз жұмған. Джип жүргізушісі жол ортасындағы қос сызықтың үстінде, қозғалыссыз тұрған адамдарды қаққан.

«Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша оқшаулау орынына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде», деді Н.Ораз.

Соңғы жаңалықтар