Елорданың Сарыарқа аудандық прокуратурасы ашық есік күнін өткізіп, 20-ға жуық қала тұрғынын қабылдады

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қалалық филиалы қарапайым азаматтардың жеке мүдделерін қорғаудың тиімді үлгісін қолдануда қоғамдық қабылдау бөлімінің барлық мүмкіндіктерін жүйелі түрде қолданады.
None
None

Осыған орай бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық прокуратурасы азаматтарды қабылдады.

Шара барысында Сарарқа ауданының прокуроры Е.Бердібеков, аудандық ішкі істер басқармасының бастығы М.Төлебаев, аудан әкімінің орынбасары Т.Омаров, Астана қалалық бас мемлекеттік еңбек испекторы Қ.Медетбеков, Салық басқармасы бастығының орынбасары А.Тоқбаевтар қала тұрғындарын қабылдап, мұң-мұқтаждарын тыңдады. Қабылдауда 20-ға жуық азамат болды.

Мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен ашық есік күнін өткізу тәжірибесі аудан тұрғындарының күрмеулі мәселелерінің түйінін тарқатуға мүмкіндік беріп, олардың құзіретті органдарға қол жетімділігін арттырады. Жалпы бұл қабылдауларды қала тұрғындары оң бағалауда.

Соңғы жаңалықтар