Елорданың тәртіп сақшылары телефон арқылы алаяқтық әрекет жасау жағдайларының жиілеп бара жатқандығын ескертті

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елорданың тәртіп сақшылары елімізде телефон арқылы алаяқтық әрекет жасау жағдайларының жиілеп бара жатқандығын айтып, тұрғындарға ескерту жасады.
None
None

Бұл мәселемен бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз таныстырды.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда елордада осындай алаяқтардың арбауына түсіп, алданып қалушылар саны күннен-күнге артып отыр. «Алаяқтар өздерінің жымысқы әрекеттерін алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізуде. Олар белгілі біреудің үйіне телефон шалып, баласының немесе қызының есірткімен ұсталғандығын немесе жол көлік оқиғасына тап болғандығын, болмаса басқадай қиын жағдайға түскендігін айтып, мәселені шешу үшін белгілі бір сомада қаржы талап етеді.

Астана қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері осыған ұқсас жағдайға тап болған кезде міндетті түрде ішкі істер органдарына хабарласу қажеттігін ескертеді», деді Н.Ораз.

Соңғы жаңалықтар