Елсияр Қанағатов жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарған Елсияр Қанағатов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елсияр Қанағатов жаңа қызметке тағайындалды

Енді Елсияр Баймұхамедұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Спорт дирекциясын басқаратын болды. Ол бүгіннен бастап ҚР ҰОК Спорт дирекциясының директоры болып тағайындалды.

Сондай-ақ, ол алдағы Кореяда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның спорт  делегациясының шеф-миссиясы міндетін атқаратын болады.