Ақмола облысының 50-ден астам тұрғыны мемлекеттік наградамен марапатталды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Көкшетауда Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан 50-ден астам ақмолалық мемлекеттік наградамен марапатталды.

Ақмола облысында Республика күні аталып өтті
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Облыс тұрғындарын еліміздің басты мемлекеттік мерекесімен құттықтаған Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Республика күнінің айрықша мәнін атап өтті. Биыл бұл мереке еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Аталған тарихи құжат елдің саяси жүйесінің қалыптасуына жол ашып, мемлекеттік құрылыстың маңызды қағидаттарын бекітті.

50-ден астам ақмолалық мемлекеттік наградамен марапатталды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Өз сөзінде өңір басшысы ақмолалықтардың облыс пен елдің дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.

50-ден астам ақмолалық мемлекеттік наградамен марапатталды.
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

-Соңғы жылдары Президенттің бастамасымен түрлі бағыттарда ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Мемлекетіміздің жаңа дәуірі басталды. Елде «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» сияқты ірі жобалар жүзеге асырылуда. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында біз үлкен жетістіктерге жеттік. Өңіріміздің дамуына белсенді атсалысып келе жатқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді Марат Ахметжанов.

50-ден астам ақмолалық мемлекеттік наградамен марапатталды.
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Аймақ басшысы сонымен қатар облыс диқандарын өңір үшін тарихи маңызы бар егін жинау науқанының табысты аяқталуымен құттықтады.

«Уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде дәнді дақылдардың өнімділігі артты, ал егін орағы сапалы және мерзімінде жүргізілді. Соның нәтижесінде облысымыз рекордтық көлемде – 7,6 млн тонна астық жинады», – деп атап өтті өңір басшысы.

50-ден астам ақмолалық мемлекеттік наградамен марапатталды.
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Өз баяндамасында Марат Ахметжанов инвестиция, тұрғын үй және әлеуметтік құрылыс, сондай-ақ басқа да салалардағы жетістіктерге тоқталды.

50-ден астам ақмолалық мемлекеттік наградамен марапатталды.
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Салтанатты жиын мемлекеттік марапаттарды табыстау рәсімімен жалғасты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласының еңбеккерлерін, денсаулық сақтау және білім беру саласының өкілдерін, сондай-ақ еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

50-ден астам ақмолалық мемлекеттік наградамен марапатталды.
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар