Елжана Таниева мен Айбота Ертайқызы Азия чемпионатында финалға шықты

гимнастика
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ташкент қаласында (Өзбекстан) көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты басталды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр.

Жекелей сын:

Елжана Таниева
Айбота Ертайқызы

Топтық жаттығу:

Аяулым Кәдір
Аружан Қалсаева
Ақсұңқар Әбдірахман
Баян Қойбақар
Мария Корниенко
София Ан

Іріктеудің алғашқы күні сынға түскен отандасымыз Таниева доп және шығыршықпен жаттығуда 68.15 ұпаймен көш бастады.

Дәл осы сында тағы бір қазақстандық Айбота Ертайқызы (65.15 ұпай) үшінші орынға табан тіреді. 

Екінші орында қытайлық Зилу Ванг (66.70 ұпай) тұр. 

Ертең жекелей сында ұршық, лента жаттығуларының іріктеу жарысы өтеді.

Айта кетейік, санаулы сәттерден кейін топтық жаттығуда Қазақстан командасы өнер көрсетеді.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер 4 мамырда анықталады.

Соңғы жаңалықтар