Ембі қаласының маңында 10 кеңестік жауынгердің мүрделері қайта жерленді

АҚТӨБЕ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Жаппай жерлену қорымында анықталған 10 кеңестік жауынгердің мүрделері Ембі қаласының маңындағы Қырғыз стансасында қайта жерленді.
None
None

Бұрын хабарланғандай, жергілікті тұрғын Жұмағазы Қуатов бала жасында соғыс кезінде бұл жерде теміржол апатының болғанын көрген, ішінде сарбаздар отырған вагон рельстерден шығып кетті. Қаза тапқан жауынгерлер осы жерде жерленді. Бұл қайғылы оқиға ұзақ уақыттан бері 85 жастағы ақсақалдың көңілін мазасыздандырды.

Екі жыл бұрын ол болған оқиға туралы баяндап берді. Оған Ембі қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбай көмектесті. Ол «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық қорының іздеу тобына шағымданып, ҰҚК мен прокуратураға қазба жұмыстарына рұқсат беру сұратуларын жіберді.

Іздеушілер жерді көп қазған жоқ. 1,5 метр тереңдікте 10 жауынгердің сүйегі табылды, бірақ, өкінішке қарай, олардың құжаттары немесе айыратын бойтұмарлары болған жоқ.

«Құжаттарды жерлегенде алып кеткен көрінеді. Алғашында ақсақал қаза тапқан 18 адам туралы айтты, бірақ біз аумақты мұқият тексергенімізбен 10 адамның сүйектерін ғана анықтадық. Мүмкін, сарбаздар майданға Өзбекстаннан келе жатқан болуы, біз газет үзіндісінен 1942 жылғы айқас туралы мақаланы таптық, онда Ташкент туралы да айтылды. Жауыргерлер майданға жете алған жоқ, бейбіт аумақта қаза тапты, бұл фактіні жасыруы мүмкін, өйткені сол үшін әскери сотқа да бере алатын. Бірақ бұл жауынгерлердің есімдері бір жерде сақталуы тиіс, мүмкін сол пойызда олармен бірге келе жатқан біреу тірі шығар. Ешкім де ұмытылмауы тиіс», - деп баяндады іздеу жасағының командирі Олег Припадчев.

Жауынгерлердің сүйектері табыттарға салып, барлық құрмет көрсетушіліктермен жер қойнауына тапсырылды. Үш дүркін оқ атылып, имам жаназасын шығарды. Ас беру ұйымдастырылды.

Енді іздеушілер қорымның атаусыз қалмауы үшін қаза тапқандардың есімдерін анықтамақшы.

Соңғы жаңалықтар