«EMEA Finance» басылымының «EMEA-300, 2013» рэнкингіне Қазақстанның қаржылық секторынан жалғыз компания енді

АЛМАТЫ. 2 қазан. ҚазАқпарат - «EMEA Finance» халықаралық қаржылық басылымы «EMEA-300, 2013» рэнкингін жариялады.
None
None

Еуропа, Таяу Шығыс және Африканың 300 ең ірі компаниялардың дәстүрлі рэнкингінде Қазақстан Халық банкі қазақстандық қаржылық секторындағы жалғыз компания болып отыр. Сарапшыларының пікірінше, инвестициялардан келген пайданың өсуіне бет алған инвесторлардың дамып келе жатқан нарықтарға деген мүддесі жылдан жылға өсуде. 2013 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша олар қор биржаларының және Mubasher Trade (онлайн делдалы) деректемелерін пайдалана отырып, дамып келе жатқан елдердің нарығының талдауында EMEA елдерінің компанияларының нарықтық капиталдануын есепке алған. Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар онда 248-орынды иеленіп отыр. Жалпы бұл рэнкингте қазақстандық «ҚазМұнайГаз» - 91, «Eurasian Natural Resources Corporation» - 119, «Kcell» - 183, «МаңғыстауМұнайГаз» - 200 және «ҚазТрансОйл» - 238 орында тұр. Көшбасшылар үштігін «Газпром» (Ресей), «Saudi Basic Industries Corp» (Сауди Арабия) және SABMiller (Ұлыбритания) компаниялары бастауда.

Соңғы жаңалықтар