Эмомали Рахмон Қазақстан Президентін мемлекеттік резиденциясында қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон «Кохи Сомон» мемлекеттік резиденциясында қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Санаулы минуттардан кейін екі ел басшыларының кездесуі басталады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барғаны хабарланған. Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр. Душанбе халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.