Ең табысты ағылшынтілді жазушыларының тізіміне белгісіз автор енді
АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат - Өткен онжылдықтағы ең табысты ағылшынтілді жазушылардың тізіміне мектеп курстарының түрлі пәндері бойынша оқу құралдарын жазатын, ешкімге белгісіз автор Ричард Парсонс (Richard Parsons) енді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.Жаңа есім The Bookseller журналы әзірлеген рейтингте бесінші орыннан төбе көрсетті.
Он жыл ішінде Парсонс 9,3 миллионнан астам кітап сатып, 48,3 миллион фунт стерлинг (78,2 миллион доллар) пайда тапқан. Ең табысты жазушылардың тізімінде ол Джон Гришэм және Терри Пратчетт сияқты авторларды артқа қалдырып, тек Джоан Роулинг ке, Дэн Браун ға және танымал балалар жазушылары Роджер Харгривз бен Жаклин Уилсонға ғана жол берген.
43 жасар Парсонстың мұндай табысқа жетуінің өзіндік ерекшеліктері бар: оның аты-жөні көрсетілген кітаптардың барлығын бірдей ол жазбаған (барлығы 600-ге жуық). Мәселе, Парсонстың бұдан 14 жыл бұрын өзі негізін қалаған, көптеген авторлар кітаптарын шығаратын CGP Books баспасының оның меншігінде болғандығында. Оқулықтарды жазудағы негізгі жұмыстарды осы авторлардың орындайтындығына қарамастан, Парсонстың аты-жөні CGP Books шығарған әрбір кітап мұқабасының сыртқы жағына жазылады.
Парсонстың жеке өзі туралы ағылшынның Камбрия графтығындағы туған қаласы Броутоннан тыс жерде іс жүзінде еш нәрсе белгісіз: ол тілшілерге сұхбат бермейді және жұртшылықтың алдына шықпайды. Оның шешесі Хизер Парсонстың The Daily Mail газетіне айтқанындай, ұлының ең табысты жазушылардың тізіміне енгенін естігенде, бұл жайдың қызықты екенін білдіріп, таңдайын қаққан. «Бұған сенсем бұйырмасын. Мен ешқашан өзімді осыншалықты табысты жазушымын деп ойламаппын. Өмірімде бірде-бір роман жазбасам, мұндай ой қайдан келсін», - деп ағынан ақтарылыпты анасына ол.
Парсонстың туыстары мен таныстарының айтуынша, ақша оған ешқандай да әсер етпеген. 2008 жылы CGP Books баспасының айналымы 15,3 миллион фунтты құраған; таза пайда - 1,3 миллион.