Ең төменгі жалақы алмау үшін не істеу керек — министр кеңесі

АСТАНА. KAZINFORM — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова табысы аз қазақстандықтарға кеңес берді.

Светлана Жакупова Светлана Жақыпова
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

— Біріншіден, оқу керек. Екіншіден, еңбектеніп, біліктілікті үнемі арттырып, жоғары жалақы төленетін жұмысқа ауысу қажет. Егер адам жұмыс істей алмайтын жағдайда болса, ауырып қалса немесе бала күтімі бойынша демалысында болса, бұл жағдайда мемлекет әлеуметтік қолдау көрсетеді, — деді Светлана Жақыпова Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, арнайы әлеуметтік жәрдемақы төленеді, тіпті атаулы әлеуметтік көмек те тағайындалуы мүмкін.

— Азаматтар жоғарыда аталған жағдайда болса, уәкілетті органдарға жүгінуі керек. Ол жерде қажетті құжатты қалай рәсімдеу керектігін түсіндіріп береді, — деп толықтырды ведомство басшысы.

Бұған дейін Светлана Жақыпова бірыңғай әлеуметтік стандарт әзірленетінін мәлімдеген еді. 

Бүгін Мәжіліс ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заңды қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар