Еңбек министрі Г.Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келеді

ОРАЛ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - 11 мамыр күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келмек.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, екі күнге созылатын жұмыс барысында министр, алдымен Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округінде болып, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына сәйкес салынған 60 үйді аралап, бағдарламаға қатысушылармен кездеспек. Сондай-ақ Пугачев ауылдық округінде «И.А.Шайдецкий» жеке кәсіпкерлігінің шұжық цехы мен Ақсай қаласындағы индустриялық паркінде  жаңа жұмыс орындарының ашылу барысымен танысады.

Сапарының екінші күні Г.Әбдіқалықова Орал қаласындағы «Шапағат» медициналық-әлеуметтік мекемесі, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесінде және Орал ақпараттық технологиялар колледжінде болмақ.

Соңғы жаңалықтар