Еңбек министрі жұмыс сапарымен Ақмола облысына барып қайтты

Сапар барысында сала министрі 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылған Шортанды Жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты. Орталық осы уақыт аралығында алғашқы нұсқау бойынша кәсіби даярлау Бағдарламасына 32 адам жіберілген, 7 адам қайта даярлауды бастаса, 4 адам біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Екінші бағыт бойынша 5 адам «Бизнес негіздері» курсын сәтті аяқтап шыққан.
Бұланды ауданының Никольск ауылдық округін аралаған Гүлшара Әбдіқалықова Бағдарлама қатысушысы, өзін өзі жұмыспен қамтып отырған, халықтық қолөнер бұйымдарын жасайтын Бекей Хатшыбаймен кездесті.
Бекей Хатшыбай «Бизнес негіздері» курсын сәтті аяқтап шыққан. Ол қазіргі таңда өзінің ісін жандандыру үшін 3 млн. теңге несие алу үшін құжаттарын дайындау үстінде. Осы ауданда министр Г. Н. Әбдіхалықова «Никольскі» ЖШС-нің атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, оның жетекшісі К. Х. Жанәділовпен пікірлесті.
Аталмыш кәсіпорын мемлекеттік Бағдарламаға бар құлшыныстарымен қатысып келеді. 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жаңадан 5 жұмыс орны ашылған. Ал, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша «Никольскі» ЖШС кәсіпорны курстардан өткен бір электрмен жұмыс жасаушы, лаборант, екі слесарь-сантехник, ветеринарлық санитор, аспазды жұмысқа қабылдаған. Осы Бағдарлама шеңберінде барлығы осы кәсіпорында тұрақты 6 жұмыс орны ашылған.
Зеренді ауданында министр «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасының үшінші бағыты «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша салынып жатқан 10 үйді аралап көрді. Сондай-ақ, Г. Наушақызы «Рейн» ЖШС және «Зеренді нан пункті» ЖШС жетекшілерімен кездесіп, әңгімелесті. Дәл осы кәсіпорындарда Зеренді ауданына Бағдарламының үшінші бағытының қатысушысы атанып, көшіп келген 10 отбасы жұмысқа орналаспақ.
Жалпы, Ақмола облысында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен барлығы 1 млрд. 71 млн. теңге бөлінген.
Облыста Бағдарламының «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» бірінші бағыты бойынша 1490 адамды оқыту жоспарлануда. Оның ішінде кәсіби дярлаудан 520 адам, қайта даярлаудан 650 адам, білікті арттыру курстарынан 320 адам өтпек. Бұдан бөлек, облыста осы жылы 160 тұрақты жұмыс орнын ашу үшін 22,9 млн. теңге бөлінген. Қазірдің өзінде осы бағыт бойынша жұмыс басталып, Ақмола облысындағы 50 кәсіпорынмен келісім-шартқа қол қойылған.
Бағдарламаның «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағыты бойынша 150 адамға микронесие беру қарастырылуда. Өз кезегінде бұл адамдар бизнесті оқытудың кәсіби курстарынан да өтпек.
Үшінші «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бағыты бойынша экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшіп келіп, кәсібін бастауға өтініш білдірген 53 отбасыға тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылуда. Осы үшінші бағыттың қатысушылары оқыту курстарынан өтіп, облыстағы кәсіпорындарда тұрақты жұмыспен қамтылмақ.