Еңбек министрі: «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында әрбір ауданда кәсіпкерлікті дамыту картасы әзірленеді

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2 бағыты аясында бөлінетін қаражаттың тиімділігін арттыру үшін әрбір аудан деңгейінде кәсіпкерлікті дамыту картасы әзірленеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов айтты.

Оның атап өтуінше, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты аясында 6 мыңға жуық адам кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, 6,2 мың адам шағын несие алған. Осыған орай несие көлемі де 3,5 есеге артып, 12,4 млрд. теңгені құраған.  Бұл өткен жылғы көрсеткіштен біршама жоғары. Мәселен, өткен жылы 4,7 мың адам оқытылса, 1,4 адам ғана шағын несие алған болатын.

«Осы бағытта орын алған проблемалардың бірі кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріндегі сәйкессіздік болып отыр. Яғни, шағын несиелер, мәселен, өнімді одан әрі өңдеу және өткізу мәселелерін қарастырмастан мал шаруашылығын дамытуға берілуі мүмкін. Осыған орай бөлінетін қаражаттың тиімділігін арттыру мақсатында әрбір аудан деңгейінде кәсіпкерлікті дамыту картасы әзірленетін болады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар