Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет қаулысымен Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
2013–2018 жылдары — ҚР БҒМ Ғылым комитетінде сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы.
2019–2020 жылдары — «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ БАҚ, «Astana» ӘКК» акционерлік қоғамында қызмет етті.
2020–2023 жылдары — Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, басшысы, Инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы, сондай-ақ Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Айта кетелік Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы ауысқан еді.