Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа жұмыс кестесіне көшті

АСТАНА. KAZINFORM – Ведомство жаңа жұмыс кестесіне көшкенін хабарлап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Енді министрлік қызметкерлері сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Мұндай өзгеріс таңертеңгі және кешкі көлік кептелісін азайтуға бағытталған.

- Жұмыс күнін ертерек бастау және аяқтау көлік ағынын теңгерімді бөлуге және қарбалас сәтте жол жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді министрліктен агенттікке жолдаған жауабында.

Жаңа жұмыс кестесі министрлік қызметкерлеріне ешқандай кері әсерін тигізбеген. Сондай-ақ басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда да кедергі жоқ.

Еске сала кетсек, биыл сәуірде Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жұмыс уақыты өзгерді. 

Сондай-ақ елордада орталық атқарушы органдардың жұмыс уақыты өзгеретіні туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар