Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ҚР Президентін әлеуметтік міндеттердің жүзеге асырылу барысымен хабардар етті
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Г.Әбдіқалықова Елбасына министрліктің ағымдағы жұмысы туралы баяндады. Атап айтқанда, Президенттің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын әлеуметтік міндеттерді іске асыру барысы туралы мәлімдеді.
Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қорғауды арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.