Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Павлодар облысының еңбек ұжымдарымен кездесуде

ПАВЛОДАР. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бүгін Павлодар облысына сапармен келді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ведомство басшысы таңертең «KSP Steel» ЖШС-нің Павлодар филиалында болып, жақында ғана ашылған кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті. Ірі компаниялардың сатып алуларындағы қазақстандық кәсіпорындардың өнім үлестерін арттыру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында мұнайшылардан алынған тапсырыстар өткен жылдың аяғында қысқартылған кесте бойынша еңбек еткен 2,3 мың адамды қаңтар айында жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Б.Сапарбаев сондай-ақ, «Қазэнергокабель» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесті. Жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету туралы меморандумдардың барлық тармақтары орындалуда, бұл туралы екі кәсіпорынның да басшылығы мәлім етті. Еңбек ұжымдарымен болған кездесуде министр Б.Сапарбаев, Үкімет еліміздің өндірістік кәсіпорындарындағы жағдайға күнделікті мониторинг жүргізіп отырғанын айтты. Қазіргі жағдайда жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері министрліктің құзырынан бір сәт те тыс қалмайды, деп сендірді министр. Түстен кейін министр «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ мен Ақсу ферроқорытпа зауытына барады. Ал ертең Екібастұз кеншілерімен және энергетиктерімен кездеседі.
Соңғы жаңалықтар