Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Enbek.kz порталында жаңа сервис – Цифрлық жұмыспен қамту қызметі іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM – Жасанды интеллект технологияларының көмегімен сервис сіздің біліміңізді, жұмыс тәжірибеңізді, дағдыларыңыз бен мансаптық қызығушылықтарыңызды ескере отырып, қолайлы жұмыс табуға көмектеседі.

Enbek.kz-ке қарашада орналастырылған бос жұмыс орындарының 73%-ы – білікті мамандарға арналды
Фото: Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігінен

Сонымен қатар Мансаптық профиль кәсіби дамудың бағыттарын айқындап, жұмысқа орналасу бойынша сұхбаттасуға дайындыйды және жұмысқа орналасу жолындағы ілгерілеуіңізді бақылауға көмектеседі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, қазіргі уақытта сервис Павлодар облысында жұмыс істейді. Жақында Маңғыстау облысында іске қосылып, артынан Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары үшін қолжетімді болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Enbek.kz платформасында 495,7 мың бос жұмыс орны мен 609,3 мың түйіндеме орналастырылды. Оның ішінде 2026 жылғы мамыр айында жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасына 86,7 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер 91,6 мың түйіндеме орналастырған.