Еңбекшілдер ауданында 700 адамды жұмыспен қамтитын цемент зауыты іске қосылады - Ақмола облысы (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айында Еңбекшілдер ауданында жаңа цемент зауыты іске қосылады.Бұл туралы аймақ басшысы Сергей Кулагиннің аталған ауданға жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Еңбекшілдер ауданында 700 адамды жұмыспен қамтитын цемент зауыты іске қосылады - Ақмола облысы  (ФОТО)

Индустрияландырудың ең ірі жобасы болып табылатын жоғары сапалы цемент зауытының құрылысы туралы облыс әкіміне «Көкше-Цемент» ЖШС директоры Владимир Ковригин айтып берді.

«Қазіргі кездері құрылыс жұмыстарын аяқтап, цемент шығаратын технологиялық желіні іске қосу алдындағы дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы күні нысанның 95 пайызға жуығы дайын. Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айында зауытты іске қосуды жоспарланып отыр. Зауыт пайдалануға берілген кезде жылына 2 миллион тонна цементтің 20 түрі шығарылатын болады. Сонымен қатар, 700 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделген», - деді Владимир Ковригин.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Невский орта мектебі мен «ҚазГер» ЖШС және Степняк қаласында салынып жатқан жаңа 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен де танысты. Жұмыс сапары соңында Мамай аулында сужіберу желіні қалпына келтіру жұмыстарына да назар аударды.

null null null