Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еңбекшілдер ауданында жолдарды жөндеуге 26 миллион теңге қарастырылған

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Еңбекшілдер ауданында "Жол картасы" аясында жергілікті маңыздағы жолдарды қалпына келтіру мақсатына аудандық бюджеттен 16 миллион теңге, ал республикалық бюджеттен он миллион теңге қаржы жұмсалатын болады,

Еңбекшілдер ауданында жолдарды жөндеуге 26 миллион теңге қарастырылған
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аудандық коммуналдық шаруашылық және көлік, автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Ермек Сыздықовтың айтуынша, қазіргі кезде аймақта 634,5 шақырым жол болса, оның 99 шақырымы республикалық маңыздағы, 365,5 шақырымы жергілікті, қалғандары облыстық деңгейдегі жолдар қатарына жатады. Соған сәйкес жыл ішінде "Жол картасы" аясында Шошқалы-Баймырза, Заураловка-Яблоновка ауыларалық, Бірсуат ауылының жолдары жергілікті бюджет есебінен, ал Краснофлот-Қайнар, Степняк-Сәуле, Андықожа батыр-Заозерное ауыларалық жолдарда республикалық қаржы көзі есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүрізілетін болады. Жергілікті маңыздағы жолдарды ретке келтіру ісі «Степняк Су» қалалық коммуналдық шаруашылық пен «Еңбекшілдер аудандық жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жүктелген. Қазіргі кезде бас мердігерлермен келісімшарт жасалып, жұмыс ауқымы айқындалған. "Жол картасы" бағдарламасына сәйкес қосымша елу жұмыс орны ашылатын болады.