Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Енді электрондық жеке медициналық кітапша барлық адамға қолжетімді

АСТАНА. KAZINFORM – Енді барлық азамат үшін қолжетімді тағы бір маңызды сервис – электрондық жеке медициналық кітапша. Бүгінде бұл сервис eGov Mobile және Halyk мобильдік қосымшаларында қолжетімді.

электрондық жеке медициналық кітапша
Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, енді декреттелген кәсіптерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қағаз түріндегі медициналық кітапшаны алып жүрудің қажеті жоқ. Телефондағы электрондық медициналық кітапшаны ашу жеткілікті.

Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет міндетті медициналық тексерулерден өтуді қашықтан бақылауға мүмкіндік алды. Егер жеке медициналық кітапшада медициналық тексеруден өту мерзімі өтіп кеткені анықталса, қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету бойынша жедел шаралар қабылданады.

Қазақстанда алғаш рет мына бағыттарды біріктірген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай цифрлық экожүйесі құрылды:

- мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;

- декреттелген кәсіптер қызметкерлерінің медициналық тексерулері;

- зертханалық зерттеулер;

- кәсіпорындардың өндірістік бақылауы;

- халықты вакцинациялау мониторингі.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі көрсетілетін медициналық қызметтердің жарнамасын жүзеге асыру қағидаларына өзгерту енгізбек.