Эндаумент қорға салған жарналар салықтан босатылады – заң жобасы

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжілістің жалпы отырысында эндаумент қорлардың жұмысын реттейтін заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып жатыр. 

Эндаумент қорға салған жарналар салықтан босатылады – заң жобасы
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Құжатты депутаттарға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек эндаумент таныстырды.

— Эндаумент қорын қолдаушыларды, донорларды ынталандыру үшін арнайы салық жеңілдіктерін беру ұсынылды. Депутаттардың қолдауымен қазіргі таңда Мәжілісте қаралып жатқан Салық кодексінде салымшылардың эндаумент қорға салған жарнасын 100 пайыз салықтан босату туралы норма енгізілді, — деді ол.

Еске салсақ, оқырман назарына аталған заң жобасының басты жаңашылдықтары туралы сұхбат ұсынған едік

Спикер Қазақстанда дәл қазір неше эндаумент қор бар, «Эндаумент қор туралы» заң қабылдауға қандай қажеттілік туындап отыр деген сауалдарға жауап берді. 

Соңғы жаңалықтар