Енді салық органдары тек тәуекел шегінде тұрған шаруашылық субьектілерін ғана тексереді ? Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы

АЛМАТЫ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қаржы министрлігі құрылымдық тұрғыдан қайта жаңартылып жатыр. Оны Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова бүгін Алматыда өткен мемлекеттік сатып алу және электрондық сауда тәртібін түсіндіруге арналған алқалы жиында айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Құрылымдық жаңарту шаралары Бүкіләлемдік банкпен бірге жүзеге асырылуда. Енді салық органдары бұрынғы салық органдарындай болмайды. Екі жыл бұрын айтқанымыздай, біз енді алдағы уақытта бәрін бірдей тексермейміз. Тексеру шаралары тек тәуекел шегінде тұрған шаруашылық субьектілерінде ғана жүргізіледі. Оларды анықтау үшін аудандық салық құрылымдарының базасында РМК құрылады. Онда сіздердің бухгалтерлік есептеріңіз көшіріліп, қозғалысы сауал туындататын шаруашылық құрылымдары тексеріледі. Ал облыстық және қалалық құрылымдарда шаруашылық субьектілеріндегі барлық мәселелерге талдау жасалады», дейді Қаржы министрлігінің жауапты хатшшысы Наталья Коржова. Оның айтуынша, мұндай өзгерістер Қаржылық қадағалау комитетінде де жасалады. Қазына комитетімен біріктіріліп, онда қаражаттың мақсатсыз жұмсалмауы қадағаланады. Сондай-ақ облыстық және қалалық әкімдіктерде ішкі аудит қызметі құрылып, құрылымдық өзгерістер кеден органдарында да жүргізіледі.
Соңғы жаңалықтар