Энергетика министрлігі: Бензин бағасын реттейтін мораторий әлі күшінде
АСТАНА. KAZINFORM — АИ-92 маркалы бензин бағасының өсуі туралы ақпараттың таралуына байланысты Энергетика министрлігі жанар-жағармайдың бағасын реттейтін мораторийдің әлі де күшінде екенін растайды.
Ведомство мәліметінше, АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының құны 2025 жылғы 16 қазандағы деңгейде сақталып отыр.
— Ақпараттық сервистер мен цифрлық карталардағы мәліметтер бағаны қайта қарау үшін негіз бола алмайды. Белгілі бір жанармай құю бекеттерінде белгіленген шекті бағадан асып кету деректері тіркелсе, уәкілетті органдар әрбір жағдайды жеке тәртіппен қарайды. Энергетика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп жағдайды тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр. Нарық субъектілерінің тарапынан негізсіз баға өсімі анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады, — делінген хабарламада.
Министрлік бағаның шекті деңгейден асып кету фактілеріне тап болған азаматтардан келесі нөмірлер бойынша Call-орталыққа хабарласуды сұрайды: +7 (701-85) 5-02-48, +7 (7172) 57 44 81.
Айта кетейік, таяуда Үкімет бензин мен тариф бағасына мораторий енгізіліп, ипотека көлемі ұлғайту шешімін жария еткен болатын.
Осыған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елімізде бензин бағасын көтеруге мораторий қанша уақыт созылатындығына қатысты пайымын білдірді.