Энергетика министрлігі мұнайшыларды қолдау үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкасын төмендету қажет деп санайды

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Энергетика және минералдық русурстар министрі Сауат Мыңбаев мұнайшыларды қолдау үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкасын төмендету қажет деп санайды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мұнайшылар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықты төмендету туралы қаулыны қабылдау қажет. Жаңа Салық кодексін әзірлеу барысында және өндірудің жылдық көлеміне байланысты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың градациясын бекіту кезінде республикамыздың салық органдары есеп-қисапты мұнайдың 1 баррелінің бағасын 60 долларға және одан жоғарыға шағып жүргізді. Қазіргі таңда мұнайдың 1 баррелінің бағасы 40 доллардан төмендеп кеткен кезде, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкасын төмендетіп түзету қажет», деді бүгін аталмыш министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Сауат Мыңбаев. « Мұнайшылар қажет кезінде көмек көрсетті, енді мұнайшыларға қолдау көрсететін уақыт туды», деп нақтылады сөзін министр. Осы орайда С. Мыңбаев Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтен пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық туралы тиісті қаулыны қабылдауды қолдауды сұрады.
Соңғы жаңалықтар