Энергетикалық компаниялар өндірістік қуатын әлі толық пайдаланып отырған жоқ

АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Энергия өндіретін кәсіпорындарды қайта жаңғырту ең көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Оны АES Қазақстан энергия өндіруші компаниялары президенті Мамытхан Салыбеков ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
None
None

«Электр өндіруші кәсіпорындарда тариф шектеулі болғандықтан, ұзақ уақыт бойы барлық кіріс шығынды жабуға жұмсалып келді. Сондықтан да онда өндірісті жаңарту кешеуілдеп барып қолға алынды. Сол себепті электр өндіруші компаниялардың қуаты әлі толық пайдаланылған жоқ. Кеңес Одағы тарағананнан кейін түрлі саладағы әрқилы өндіріс орындары жабылып, жабылмағандары жартылай ғана жұмыс істегендіктен электр өндіруде біз 1991 жылғы деңгейге 2008 жылы ғана жеттік. Тек содан кейін ғана электр өндіру саласында қолайды ахуал қалыптасты. Алайда электр өндіруші кәсіпорындардың қосымша қуат өндіруіне 2008 жылы басталған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс айтарлықтай өз әсерін тигізді», дейді АES Қазақстан энергия өндіруші компаниялары президенті Мамытхан Салыбеков. Оның сөзінен қарағанда, ЖЭО жұмысы ауа райына, ал су электр стансыларының жұмысы су жүйесіне тәуелді. Жалпы АES Қазақстан энергия өндіруші компанияларының өндірістік қуаты: Өскемен ГЭС-да 331 МВт, Шүлбі ГЭС-да 702 МВт, Өскемен ЖЭО-да электр - 241,5МВт, жылу - 959 Гкал/сағат, Согра ЖЭО-да электр - 50 МВт, жылу - 216 Гкал/сағат.

«Қазір өндірістік қуатты көтеруде Өскемен мен Согра ЖЭО-да 2 жобамыз бар. Ол жүзеге асқан кезде Согра ЖЭО қуаты 25 Мвт-қа, Өскемен ЖЭО-ның қуаты 80 МВт-қа ұлғаяды. Жоба бойынша Согра ЖЭО-да 25 МВт-тық бір турбинаны 50 Мвт-тық турбинаға ауыстырылады. Оған мамыр айында тендер өткіздік. Қазір 4 жеткізушімен жұмыс жасап жатырмыз. Тамыз айына дейін келісімшарттар жасап, 2 жылда ауыстырамыз. Ал Өскемен ЖЭО жобасының құжаттары жасалуда. Ол 3 айға созылады», дейді Мамытхан Салыбеков.

Соңғы жаңалықтар