Энергия үнемдеуді жетілдіру тетіктері бүгін Өскеменде республикалық конференцияда талқылануда
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде өтіп жатқан II республикалық конференцияда энергияның тиімді пайдалану заңнамаларын және техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру мәселелері талқылануда.
Форумның жұмысына халықаралық ұйымдардың, орталық мемлекеттік салалық құрылымдардың және атқарушы биліктің, еліміз ұйымдары мен институттарының, энергетикалық және өндірістік кәсіпорындардың өкілдері қатысуда.
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов «Реактивті қуатпен өтеу - энергия үнемдеу тетіктігінің маңызды факторы» деген тақырыпта баяндама жасады. Күн тәртібіндегі басты тақырып - энергия үнемдеуді ынталандыруға арналған заңнамалық негізге тоқталды.
Осыған байланысты ол: «Мемлекет басшысының энергия үнемдеу технологиясына көшудің практикалық іс-шараларын даярлауды тапсырды. ҚР Парламентінде «Энергия үнемдеу туралы» және «Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізу туралы» екі заң жобасы қабылдануға даярланып жатыр», - деді ол.
Сонымен қатар, ол ҚР Үкіметінің ағымдағы жылғы ақпанда бекіткен 2009-2010 жылдарға арналған энергия үнемдеудің кешенді жоспары әзірленгенін және бекітілгенін хабарлады.
«Қазіргі уақытта шекті тарифтер бойынша жұмыс істеу үшін энергия өндірушілер инвестициялық міндеттемелер қабылдайды және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен келісімдерге қол қояды. Биылғы жылы инвестициялардың жалпы сомасы 60 млрд. теңгенің 34 келісіміне қол қойылды. Жарты жыл ішінде 45 пайызы игерілді», - деді вице-министр.