Энергияны пайдалануды үнемдеу мақсатында заңдарға өзгерістер енгізілмек

АСТАНА. Қыркүйектің  8-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкіметтен Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл заң жобасы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы сәуірдің 6-сындағы Жарлығына сәйкес әзірленген ҚР «Энергия үнемдеу туралы»  заңы жобасының нормаларын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы арқылы бірқатар заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтырулар енгізілмек. Сол секілді ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына, ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына, ҚР «Лицензиялау туралы»  Заңына түзетулер енгізетіні қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар