ЕО елдерінің СІМ басшылары Ресеймен саяси қатынаста ұстанатын басты 5 қағиданы бекітті

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуроодаққа мүше барлық 28 елдің СІМ басшылары Ресеймен саяси қатынаста ұстанатын басты 5 қағиданы бекітті. Бұл туралы ЕО Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша сөз сөйлеген одақтың Шетелдік істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини мәлім етті.
None
None

«Еуроодаққа мүше барлық 28 елдің СІМ басшылары Ресеймен саяси қатынаста ұстанатын басты 5 қағиданы бекітті», - деді ол.

Біріншіден, ЕО-ның Ресейге қатысты саясатындағы кез келген өзгеріске негіз болатын басты нарсе - Минск келісімдерінің тұтастай жүзеге асуы болмақ.

«Екінші қағида - «Шығыстық әріптес» елдерімен және басқа да елдермен, соның ішінде Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты арттыру. Біз бұл тұрғыда қалай әрекет ету туралы жақсы дискуссия құрдық», - дейді Могерини.

Үшінші қағида - әсіресе энергетикалық қауіпсіздік пен стратегиялық диалог мәселесінде ЕО-ның ішкі тұрақтылығын арттыру.

«Төртіншіден, біз бәріміз ЕО-ның мүддесі бар мәселелер - Иран, Таяу Шығыс мәселесі, босқындар мәселесі, терроризмен күрес, жаһандық жылыну және тағы да мәселелер бойынша Ресеймен әріптестікті жүзеге асырамыз деп келістік», - дейді Могерини.

Бұдан бөлек, Брюссель Ресейдегі азаматтық қоғамды қолдауға ниет білдірді.

Соңғы жаңалықтар