ЕО халқы бір жылдың ішінде қоныс аударушылар есебінен 1,5 млн адамға өсті

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақтың халқы қоныс аударушылар арқасында бір жылдың ішінде 1,5 млн адамға өсті. Мұндай деректі Еуростат еуропалық статистикалық қызметі дүйсенбі күні келтірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Еуроодақтағы халық саны 511,8 млн адам болған, бұл көрсеткіш 2016 жылдың 1 қаңтарында 510,3 миллионды құраған», - деп хабарлады Еуростат.

ЕО елдерінің ішінде Германия халық көп қоныстанған ел болды - 82,8 млн тұрғын (немесе 2017 жылдың 1 қаңтарындағы ЕО жалпы халқының 16,2%-і). Одан кейін тұрғындары саны бойынша Франция (67 млн немесе 13,1%), Ұлыбритания (65,8 млн немесе 12,9%), Италия (60,6 млн немесе 11,8%), Испания (46,5 млн немесе 9,1%) және Польша (38,0 млн немесе 7,4%) тұр.

2016 жылдың ішінде тұрғындар саны ЕО-ға мүше 18 елде артып, он мемлекетте азайған. Халықтың көбеюі  Люксембургте (1 мың тұрғынға + 19,8%), Швецияда (+14,5%), Мальтада (+13,8%), Ирландияда (+10,6%) және Аустрияда (9,5%) байқалған. Керісінше, халық санының азаюы Литвада (-14,2%), Латвияда (-9,6%), Хорватияда (-8,7%), Болгарияда (-7,3%) және Румынияда (-6,2%) сезілді. 

Соңғы жаңалықтар