ЕО кеңесі Иракта жаңа миссияның тұжырымдамасын мақұлдады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Дүйсенбіде ЕО Шетел істері кеңесі ортақ қауіпсіздік және қорғаныс саясаты (CSDP) аясында Ирактағы жаңа азаматтық миссия тұжырымдамасын мақұлдады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Миссия Ирактың қауіпсіздік стратегиясының азаматтық аспектілерін іске асыру мәселелерінде осы елдің билігіне көмек көрсетеді», - делінген ЕО Кеңесінің хабарламасында.

Бұл стратегия «қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға, заң үстемдігі аясында қақтығыстардың алдын алуға қабілетті мемлекеттік институттарды құруға бағытталған және ол терроризм, сыбайлас жемқорлық, саяси тұрақтылық, сондай-ақ этникалық және сектанттық әрекеттерді қоса алғанда, ұлттық қауіпсіздікпен байланысты қауіптерді нықталайды.

Құжатта ЕО сарапшыларының ел билігіне консультативтік көмек көрсететіні айтылады. Брюссель Ирак билігі сұрау салғаннан кейін 19 шілдеде Ирак үшін жаңа миссия дайындауды бастады. Тұжырымдаманы мақұлдау CSDP жаңа миссиясын іске қосуда алғашқы қадам болып табылады содан соң Бағдадта арнайы дайындық жұмыстары басталады.

Соңғы жаңалықтар