ЕО көшбасшылары мен Зеленский Трамппен кездесу алдында келіссөздер жүргізді
АСТАНА. KAZINFORM – Онлайн кездесуге Германия канцлері Фридрих Мерц, Финляндия президенті Александр Стубб, Франция президенті Эммануэль Макрон және Италия, Дания, Польша, Нидерланд, Норвегия және Швеция премьер-министрлері қатысты, деп хабарлайды Kazinform DW-ге сілтеме жасап.
Сондай-ақ бұл қатарға Канада премьер-министрі Марк Карни, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Еуропалық кеңес төрағасы Антонио Коста және Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен қосылды.
Украина президенті кейін әлеуметтік желіде талқылау тақырыбы Киевтің қазір жүріп жатқан «дипломатиялық жолы», сондай-ақ «ең маңызды басымдықтар» екенін хабарлады.
Зеленский Дональд Трамппен кездесуінен кейін Украинаның еуропалық серіктестерімен тағы бір кеңес өткізеді.
Еске салсақ, осыған дейін АҚШ Украинаға 15 жылдық қауіпсіздік кепілдігін ұсынғанын жазған едік.