ЕО спутниктік барлаудың жаңа желісін құруды жоспарлап отыр

АСТАНА. KAZINFORM - Еуропа Одағы (ЕО) 2026 жылы құны 1,2 млрд еуро болатын барлаушы спутниктердің жаңа желісін дайындап, іске қосуды жоспарлап отыр.

ЕО спутниктік барлаудың жаңа желісін құруды жоспарлап отыр
Фото: armenpress

Аrmenpress-тің хабарлауынша, бұл туралы қорғаныс және ғарыш жөніндегі еврокомиссар Андрюс Кубилюс Euractiv платоформасында берген сұхбатында мәлім етті.

Сондай-ақ хабарда Еуропалық ғарыш агенттігіне мүше мемлекеттер аталған жобаға 1,2 млрд еуро бөлуге келіскен. Платформа жариялаған мәліметтерге қарағанда, спутниктер Жер бетін 30 минут арақашықтықпен жоғары деңгейлі ықтималдылықпен түсіре алады.

Осыған дейін ғарышқа 10 мыңнан астам Starlink спутниктері шығарылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар