ЕО жеміс пен көкөніс өсіруші негізгі елдерді атады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақта негізінен алмалар мен қызанақтар өсірілетіні анықталды. Жеміс пен көкөністердің негізгі өндірушілері - Испания, Италия және Польша.
None
None

Бұл туралы сәрсенбі күні таратылған «Евростат» еуропалық статистикалық қызметтің зерттеулерінде жазылды. 

2015 жылы Еуроодақта 2,3 млн гектар жерде жеміс-жидектер, 2,1 млн. га көкөністер өсірілді.
«Жемістерді өсіруге арнаған аумақтың көлемі бойынша 2015 жылы ЕО-ға мүше елдердің ішінде Испания 636 мың гектар аумақпен көш бастады», - деп хабарлады Евростатта.

ЕО-да өткен жылы 12,7 млн. тонна алма өндіріліпті. Бұл ЕО әрбір тұрғынына шамамен 25 келіден келеді.
Ал қызанақтардың 17,7 млн. тоннасы өсіріліпті. ЕО әрбір тұрғынына шамамен 35 келіден келеді.
Польшада ЕО-да өндірілген алманың 25% өсірілді. Польша шие өндірісімен көзге түсті (25,8%).
«Испания (34,4%), Италия (32,9%) және Грекия (23,2%) бірлесіп, ЕО-дағы шамамен барлық шабдалыны - 90% өсірді. Испания (29,0%) 2015 жылы құлпынай өсіру бойынша көш бастады. Одан кейінгі орында Польша (15,6%), Германия (12,5%) және Италия (10,4%)», - делінген зерттеуде.
2015 жылы Испания (29,1%), Польша (17,7%) және Нидерланды (17,1%) ЕО қиярының үштен екі бөлігін өсірді.
«Италия (ЕО жалпы өндіріс көлемінің 36,3%) және Испания (27,4%) 2015 жылы ЕО томатының шамамен үштен екі бөлігін өндірді. Одан кейінгі орында Португалия (8,0%), Грекия (6,2%), Нидерланды (5,0%), Франция және Польша (4,5%)», - деп хабарлады Евростат.
ЕО арасында сәбіз өндірісі бойынша Ұлыбритания (14,2%) үздік атанды, одан кейінгі орынға Польша (13,1%), Нидерланды (10,9%), Франция (10,8%), Италия (10,3%) және Германия (10,2%) жайғасты.

Соңғы жаңалықтар