Эпидемиялық маусым басталмай жатып Астанада тұмаудың 3411 оқиғасы тіркелді

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Ауа райының жылы болғанына қарамастан, жылдың күзгі уақыты адамдардың денсаулығына  көптеген жайсыздықтар алып келеді.

Эпидемиялық маусым басталмай жатып Астанада тұмаудың 3411 оқиғасы тіркелді

Мәселен, бүгінгі күні Астанада өткір респираторлық вирустық инфекциясын жұқтырудың 3 411 оқиғасы тіркелді. Дегенмен, Астана қалалық Санэпидқадағалау департаментінің мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 есеге (3 616) аз.

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, бүгінде елордада тұмауға қарсы 9 040 адам, соның ішінде 2 811 бала егілді.