Ер адам Керч бұғазынан пластикалық бөтелкелермен жүзіп өтпек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ресей шекарашылары Керч бұғазын тақта мен пластикалық бөтелкелерден жасалған салмен жүзіп өтпек болған ер адамды қолға түсірді. 
None
None

Оны Кавказ порты жағалауынан   бір мильдей қашықтықта байқап қалған. 

Ұсталған адам Саратов тұрғыны болып шықты. Ол 5 жыл бұрын ел бойынша еркін саяхаттап көруге шешім қабылдағанын айтты. Тіпті өзін туған қаласынан тіркеу есебінен шығаруды өтінген.

53 жастағы турист  Ставрополь және Кубань арқылы Саратов облысынан Қырымға  бет алған.

Шекара режімін және РФ аумақтық теңізіне кіру қағидасын бұзғаны үшін «еркін саяхатшыға» әкімшілік ескерту жасады.

Соңғы жаңалықтар