21:05, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Ер адам өз өтініші бойынша енесін өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - 56 жастағы зейнеткер бірнеше жыл төсек тартып ауырып жатқан енесін аңшылық қарумен атып өлтірді.

Беларусьтағы Пинский ауданының Логишин кентінде 56 жастағы ер адам өз енесінің басына оқ атқан. Ол бұл қадамға 77 жастағы зейнеткер ұзақ уақыт төсек тартып, жүре алмай қалған соң барған, деп хабарлады БелаПАН порталы.
Артынша ер адам өлер алдында хат қалдырып, өз-өзіне қол жұмсаған. Оның айтуынша, енесін ол оның қайғысын жеңілдету үшін өлтірген. Жазбада ол енесі өтінген соң, өлтіргенін, және бұл күнәні арқалап өмір сүре алмайтындықтан, өз-өзін өлтіруді жөн санағанын жазған. Хатта сондай-ақ ол барлық туыстарынан кешірім сұраған.