Ер адамды суға тұншықтырып өлтіргені үшін 11 жылға сотталды - Ақмола облысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат А-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сотта, азамат А. алкогольдік масаң күйде болып, азамат И-ді суға итеріп жіберген, кейін азамат И-ді судың астында күштеп ұстаған. Нәтижесінде тұншыққан азамат И. оқиға орнында қайтыс болғаны анықталды.
Сот үкімімен азамат А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде («Адам өлтiру») көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеумен 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.