«Ералиево ? Құрық» теміржол желісінің құрылысы басталды

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат. 2009 жылғы сәуірдің 12-де Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді.

 «Ералиево ? Құрық» теміржол желісінің құрылысы басталды
Көлік ведомствосының басшысы ең алдымен Қарақия ауданына келіп, ұзақтығы 59 шақырым Ақтау ? Құрық республикалық маңызы бар автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Министрліктің баспасөз қызметінен. Содан кейін, министр Ералиев ? Құрық теміржол желісі құрылысының басталуына арналған салтанатты рәсімге қатысты. Бұл шараға Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның, «Астана-АРЭК» ЖШС концессионер-компаниясының және мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Көлік ведомствосының басшысы Әбілғазы Құсайынов өз сөзінде: «Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылдың 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында басталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды жалғастыру қажеттілігін атап өткен болатын. Сондықтан бұл жолдың құрылысы Елбасының алдымызға қойған мақсаттарды іске асыруға қосқан маңызды үлес болып табылады», ? деді. Көлік министрі жобаның негізгі мақсаттарын, оның ішінде Құрық портының көліктік қызмет етуі мен Қазақстан Республикасы Каспий маңындағы аумағының жағалаулық инфрақұрылымының дамуына жағдай жасау екендігін және күтілетін нәтиже жайында баяндады. Бұл ? жағалау инфрақұрылымы мен Құрық портының жүк аймағының дамуы, қазақстандық жүктің Каспий теңізіне тасымалдануының қамтамасыз етілуі және Ақтау теңіз портындағы артық жүктелімді азайту. Сонымен қатар, бұл желінің құрылысы мен пайдалануға енгізілуі жаңа жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік туғызатыны маңызды аспектілердің бірі болып отыр. Жобаның іске асырылуының маңыздылығын ескере отырып, министрлік жобаның құрылыс барысына қатаң бақылау орнатып отыр. Концессионердің бастапқы жұмысын бағалау жобаның тиімді басқарылып отырғандығын көрсетті. Қазіргі кезде «Астана-АРЭК» компаниясы әзірлік кезеңін аяқтап, осы нысан бойынша жұмысты бастап кеткен бас мердігер «Мостстройотряд-1» ЖШС-мен келісімшарт жасасты. «Астана-АРЭК» ЖШС-нің директоры Нұржан Талиповтың айтуынша, концессионер компаниясы мен бас мердігер қойылған талаптарды толығымен орындауды және желіні 2010 жылдың екінші тоқсанында іске қосуды міндеттеріне алып отыр. 14,4 шақырымға созылған желі құрылысының құны 8,1 млрд. теңге. Болжам бойынша бірінші жылдағы тасымалдау көлемі ? 4 млн. тонна болмақ. Концессия мерзімі ? 2030 жылға дейін. Жұмыс сапарының соңында Әбілғазы Құсайынов облыс әкімшілігінде өткен Манғыстау облысының көліктік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылаған кеңеске қатысты.