Ерасыл Жақпеков нидерланд боксшысы Градус Клаустан жеңілді

80 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Kazinform.

Жақпеков
Фото: prosports.kz

2022 жылғы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы, 2023 жылғы 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия вице-чемпионы Ерасыл жастар арасында Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері Градус Клауспен жұдырықтасты. Нидерланд елінің өкілі отандасымызды айқын басымдықпен жеңді. 

Еске салайық, бұған дейін бұған дейін Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан басым түскенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан да кубалық былғары қолғап шеберін айқын басымдықпен жеңді. Ал, құраманың үздігі Асланбек Шымбергенов мексикалық боксшы Хосе Мигель Боррегодан жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар