Ербол Әліқұлов ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Шымкентбайұлы Әліқұлов берген өтінішіне сәйкес мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ербол Әлиқұлов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Б.Момышұлы атындағы Республикалық қайырымдылық қорының «Кәусар-бұлақ» баспасы директорының орынбасары болып бастаған. 1998-2002 жж. - «Асфар» ЖШС жарнамалық-полиграфиялық компаниясының директоры.
2002-2003 жж. - Түрксіб ауданы әкімі аппаратының нарықтық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы.
2003-2005 жж. – отын-энергетика бөлімінің бастығы.
2005-2006 жж. Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2006-2009 жж. Алмалы ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2009-2013 жж. Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарған.
2013-2014 жж. – Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы.
2014-2016 жж. – «Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ басшысы.
2016-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
2017-2022 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы
2022-2023 жж. - Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және қоғамдық даму мәселелері жөніндегі орынбасары
2023 жылдың қазан айынан бастап тағайындалғанға дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болды.
Осыған дейін Тимур Мұратовтың ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалғаны туралы жаздық.