Ерден Шортыбаев СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына басшы болып тағайындалды
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ерден Шортыбаев жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Осы тағайындауға дейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болды. Ерден Шортыбаев - өңірлік кадр резервінің өкілі.
1993 жылы туған.
2015 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін, 2018 жылы Л.Б. Гончаров атындағы қазақ автомобиль-жол академиясын тәмамдады.
Еңбек жолын 2010 жылы «Астана орманы» ЖШС санитарлық-қорғаныс аймағын күту қызметінің жұмысшысы ретінде бастап, осы мекемеде 2016 жылға дейін еңбек етті.
2016-2021 жылдар аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің мұрағатшысынан бастап, бас сарапшы, Автомобиль жолдары комитеті концессия басқармасының басшысы лауазымына дейін өсті.
2021 жылдан бастап осы күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар басқармасы автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
Бұған дейін Сәния Смаилова СҚО мемлекеттік сатып алу басқармасына басшы болып тағайындалғанын жазған едік.