Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті оқу-әдістемелік құралдар тізбегі бекітіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін арнайы оқу-әдістемелік құралдар тізбегі әзірленеді. Бұл туралы Астанада өткен «Шексіз инклюзия» атты І Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті оқу-әдістемелік құралдар тізбегі бекітіледі
Фото: Зұлқарнай Ермұратұлы/Kazinform

Қазір Қазақстанда 235 мыңнан астам ерекше қолдауды қажет ететін бала бар. Олардың 5 мыңға жуығы ерекше білім беру орталықтарына барады. Ол үшін елде 500-ден астам арнайы ұйым қызмет етеді. Бұдан бөлек, мектептер мен балабақшалар жанынан мыңнан астам инклюзивті кабинеттер ашылған.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті оқу-әдістемелік құралдар тізбегі бекітіледі
Фото: Зұлқарнай Ермұратұлы/Kazinform

– Ол жерде балалар әр түрлі коррекциялық қызметтерді алады. Сонымен қатар балаларды әлеуметтендіруге, қоғамға бейімдеуге бағытталған жұмыстар атқарылады. Министрлік тарапынан арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған жыл сайын нормативті-құқықтық жадты жетілдіріліп отырады. Оған қосымша білім беру ұйымдарына және ол жерде жұмыс істейтін арнайы педагогтерге әдістемелік нұсқаулықтар әзірленіп отырады, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Бұлбұл Елеусінова.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті оқу-әдістемелік құралдар тізбегі бекітіледі
Фото: Зұлқарнай Ермұратұлы/Kazinform

Іс-шараға Қазақстаннан бөлек Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен логопедтер, дефектологтар, психологтар, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер мен білім беру саласының жетекші мамандары келді. Олар өз тәжірибелерін ортаға салып, сала төңірегіндегі өзекті тақырыптарды талқылады.

– Бәріміз жақсы түсінеміз: әрбір баланың әлеуетін толық ашуы үшін бір ғана мұғалімнің еңбегі жеткіліксіз. Бұл үшін бірлескен команда қажет — педагогтар, логопедтер, психологтар, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер және ең алдымен, ата-аналар. Сондықтан да біздің кездесуіміздің басты идеясы — пәнаралық педагогикалық ынтымақтастық. Бұл конференция жай ғана білім мен тәжірибе алмасу алаңы емес. Ол — тең мүмкіндіктер қоғамын бірлесе құруға болатынымыздың айқын белгісі. Әр бала сапалы білімге, қолдауға және бақытты балалық шаққа құқылы, - дейді жоғарғы санатты логопед-педагог Тойжан Жәниева.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті оқу-әдістемелік құралдар тізбегі бекітіледі
Фото: Зұлқарнай Ермұратұлы/Kazinform

Басты мақсат – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бағытында мамандардың мультидисциплинарлық ынтымақтастығын дамыту, ерте диагностика мен түзету жолдарын талқылау, инновациялық әдістемелерді енгізу және ата-аналар қауымдастығымен өзара әрекеттестікті нығайту.

Айта кетейік, мұндай Халықаралық деңгейдегі конференция алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шара екі күнге жалғасады.

Елімізде қалыптасқан қағидатқа сәйкес, инклюзия деп мүгедектігі бар азаматтарды айтады. Бірақ, бұл түсінік қате. Мұндай пікірді BIZDIÑ ORTA подкастында Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков білдірді.

Соңғы жаңалықтар