Еревандағы атыста бір полицей жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереванда полиция мен шеруге шығушылар арасында қақатығыс басталды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

 Еревандағы атыста бір полицей жараланды

Ереванда полиция бөлімшесін басып алғандар мен тәртіп сақшалары арасындағы атыста бір полиция қызметкері жараланды. Бұл туралы Фейсбуктегі жеке парақшасында Армян ІІМ баспасөз хатшысы Ашот Агарорян хабарлады.

Басып алынған ғимарат маңында жұма күні «Сасна црер» қозғалысының жақтастары қарсылық шеруіне шыққан. Айта кетейік, бұл қозғалыс мүшелері екі апта бұрын полиция бөлімшесінде  адамдарды кепілге алған, қазіргі уақытқа дейін олардың өздері сол ғимарат ішінде бекініп отыр.

Агаронянның айтуынша, жұма күні бір топ адам шеруге шығушылардан бөлініп, полиция қорғаныс сабын бұзбақ болды. Мақсаттары басып алынған ғимартқа өту болған.   

Осы уақытта ғимараттағы, полк аумағындағы қарулы топ мүшелері әр тарапқа оқ жаудыра бастады. Атыс салдарынан бір полицей жараланды. Ол ауруханаға жеткізілді.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы жалпы 5 полицейдің зардап шеккенін айтып отыр. Оның біреуіне оқ тиіп, жараланған.

Айта кетейік, Ереванда жұма күні полиция шеруге қатысушылар акциясына тосқауыл қойды. Оларды тарату үшін түтінді шашкалар мен шулы гранаталар пайдаланды. Шеруге шығушылар полицияға тас атып, қарсылық танытты. Олардың қатары - 3 мың адам.

Жалпы, осы қақтығыстан барлығы 30 адам зардап шекті.

Еске сала кетейік, «Сасна црер» қозғалысының адамдары 17 шілде күні полиция бөлімшесін басып алып, ондағы қызметкерлерді кепілге алған. Бірақ бірнеше күннен кейін адамдарды босатып, өздері ішінде бекініп қалды.

Қарсылық акциясына қатысушылар ел президентінің отставкасы мен оппозиция жетекшісі Жирайр Сефилянды босатуды сұрады.