Еркебұлан Тоқтардың келесі қарсыласы кім болады: үш үміткер белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Отандық «Nomad Fighting» лигасы қазақстандық танымал ММА файтері Еркебұлан Тоқтарға (11-3) келесі жекпе-жегі үшін үш бірдей мықты қарсыласты ұсынды, деп хабарлады Informsports.
Промоушен ресми парақшасында жариялаған үміткерлер тізіміне ресейлік Шовхал Чурчаев және өзбекстандық қос файтер Абдумалик «Абби» Ербутаев пен Огабек «Сатурн» Абдумуминов еніп отыр.
Еркебұлан Тоқтар бұған дейінгі жекпе-жегін бокс ережесі бойынша өткізіп, өзбекстандық Бобиржон Исроиловты мерзімінен бұрын жеңген болатын. Оның келесі қарсыласы жақын арада ресми түрде нақтыланады.
Айта кетейік, қытайлық қазақ файтер UFC турнирінде жеңіске жетті.