Еркектер өзін-өзі күтуді әйелдерден үйрену керек - Қазақстан урологтары

 АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Еркектер өзін-өзі күтуді әйелдерден үйрену керек. Бүгін Астанада Қазақстан урологтарының пленумында «Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессоры Ерасыл Әбілқасымов осындай пікір айтты.
None
None

Отандық урологтардың айтуынша, бүгінде ерлер денсаулығының жағдайы, эректильді қызметінің бұзылуы, әйелдерден гөрі еркектік бедеуліктің жиілей түсуі алаңдаушылық тудыратын жағдайға жеткен.

«Ең бастысы, еркектердің психологиясын өзгерту қажет. Бүгін конференцияда сөз сөйлеген менің әріптестерімнің барлығы еркектер өзін-өзі күтуді әйелдерден үйрену керектігін айтады. Ер адам өз саулығын ойлауы қажет. Бұл аса маңызды фактор», - деді ол.

Қазақ­стан­дағы ер азаматтардың ре­про­дуктивті денсаулығының қа­нағаттанарлық жағдайда емес­тігіне алаңдаушылық білдірген Б.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы осы күр­делі проблеманы шешу мақса­тында жан-жақты қамтылған «Ерлер денсаулығы» бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

«Біз Ер адамдардың денсаулығы мемлекеттік бағдарламасын жасақтауға ұсыныс жасаймыз. Бағдарлама міндетті түрде мемлекеттік дәрежеге ие болуы шарт. Яғни 40 жастан асқан еркектердің 100 пайызы бұл бағдарламамен қамтылуы тиіс. Атап айтқанда, бастапқы диагностика, түрлі ауруларды алдын-алу шаралары. 40 жастан кейін ер адамдардың денсаулығы сыр бере бастайды. Оларда қант диабеті, қан-тамыр гипертониясы және тағы басқалары пайда болады. Осы тұста біз Қазақстанның 8 облысында құрған арнайы медициналық орталықтар ер адамдардың өмір сапасын жақсартуға кеңінен кірісуі тиіс», - деп түйіндеді сөзін Е. Әбілқасымов.  

Соңғы жаңалықтар